Полицейлер мас көлік жүргізушісінің жолын кесті

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері тәртіп сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында мас күйінде көлік жүргізген азаматты анықтады.

Олар Түлкібас ауданындағы Өзбеков көшесі бойында кешкі уақытта жүрісі күмәнді «ГАЗ 53» маркалы автокөлікті тоқтатып, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушінің мас болғаны дәлелденді.

Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізген ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабының 1 бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі