Спортшыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан қысқы чемпионат өткізілді. Жалпы чемпионатқа 18 ерлер, 11 әйелдер командалары қатысты. Аталған жарысқа Шымкент қаласы ТЖД командалары да жақсы дайындықпен барды. 23 ақпанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер, әйелдер арасында Қазақстан Республикасы қысықы чемпионатының бірінші күні өтті. Осы күні спортшылар «оқу мұнарасының 2,3 және 4 қабаттарындағы терезеге шабуыл сатысымен көтерілу» түрі бойынша жарысты.Бұл сайыс түрінде ерлер арасындағы жарыста Казакбаев Вахиджан финалдық жарыста 3 орын алды.24 ақпанда, яғни жарыстың екінші күні ерлер арасында «100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту» түрі бойынша жарыс болды. Ерлер арасында Вахиджан Казакбаев, Ильдар Ізбасаров және Ильхам Казакбаев алдын ала жасалған әрекеттерде үздік уақыттарды көрсетіп жартылай финалға өтті. Ақтық жарыста Ізбасаров Ильдар 1 орын, Казакбаев Ильхам 2 орын алды.Қоссайыс бойынша Казакбаев Вахиджан 1 орын, Ізбасаров Ильдар 2 орын алды.

Шымкент қаласы ТЖД