Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы кезекті жиын өтті

Қала аумағында жүргізілетін санақ жұмыстары барысында туындауы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын — алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Ұлттық статистика бюросының қалалық департаментінің қызметкерлерімен мақсатты жиын өткізді.
Іс-шарада жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан, соның ішінде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар баяндалды.
Жаңашылықтарға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттіктері бекітілген.
Мамандардың айтуынша, енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғалары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 15 бабы бойынша әкімшілік істерді қозғай алады. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу – жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімді құралы екендігін айтқан спикерлер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет екендігіне тоқталды.
Сондай-ақ, жиын барысында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ақпараттық-ағартушылық штабының жұмыстары баяндалып, адал қоғамды қалыптастыруда бірлесе жұмыс жасауға шақырып, қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.