Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізіг басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.

Түркістан қаласындағы балабақшаларда бүлдіршіндерге берілетін тағамдар мен мектеп оқушыларына үкіметтен берілетін ыстық тамақтың сапасы бойынша басқосу өтті. Мәжіліске Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, мектеп директорлары және балабақша меңгерушілері қатысты.

Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Превенция басқармасының аға офицері – майор Гүлжамал Қансейітова спикер ретінде баяндама жасады. Гүлжамал Әбдуәліқызының сөзінше, бүгінде қоғам дертіне айналып отырған жемқорлық — ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп-қатер болып саналады.

Сондай-ақ, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» «Тәрбие және әлеуметтік – психология» кафедрасы Әлеуметтік сала әдіскері Ардақ Уразымбетова «Жалпыға міндетті білім беру қорынан қаржыландыратын оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу қызметі» тақырыбында баяндама жасады.

Ntime.kz