Таразда «WhatsApp» желісі арқылы  алаяқтық жасағандар анықталды

Жамбыл облысында жақын туыстары мен достарынан қарызға ақша сұрау жолымен жасалынған алаяқтық деректерi жиілеуде. Бұл әдісті қылмыскерлер бұрыннан қолданып келеді. Дегенмен бұрын бұл әрекетті орындау үшін алаяқ біреудің парақшасын бұзуы керек болса, енді олар онсыз да жасай алатын болған.  

Мысалы, Тараз қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел  «WhatsApp» қосымшасы арқылы белгісіз нөмірден  танысынан келесідей мәтінде хабарлама келгені  туралы айтып шағымданады. «Сәлем, қалайсың? Бұл мен, Ксения».  Әрі қарай «Кешке дейін 800 мың қарыз бере аласың ба?».  Хабарласқан байланыс нөмірде  шынымен таныс адамының суреті тұрғанын көріп, оған мобильді қосымша арқылы өзінің соңғы 260 мың теңге көлеміндегі ақшасын аударған. Шағымданған әйел танысының жеке «Instagram» парақшасынан   алаяқтар жақын адамдарынан оның атынан ақша сұрайтыны туралы ескерткен. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысының ПД «Киберпол» бөлінісінің  қызметкерлерімен жүргізiлген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол келу туралы міндеттеме бойынша босатылды.

Тергеу кезінде ақша аударымы осы алаяқтық әрекеттерге қатысы жоқ азаматтың есебіне түскені анықталды. Оған белгісіз адам хабарласып, шотына қателесіп ақша жібергенін,  сол ақшаны қайтаруды сұраған. Содан кейін,  алаяқ басқа адамнан  банктік шотының болмай тұрғандығын айтып,  көмектесуді сұрап, оның  картасы арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып алған.

Айта кету керек, алаяқтар өздерінің қылмыстық әрекеттеріне  жәбірленушілердің ақшаны қайтаруына күмән келтірмес үшін кәсіпкерлердің, табысы жоғары адамдардың суреттерін қояды. 

— Мұндай жағдайларда аударым туралы өтінішті елемеу керек және хабарламаларға ешқандай да жауап бермеу керек. Болған жағдай туралы айту үшін танысыңызға қоңырау шалыңыз, хабарламаның  жеке өзінің жазғанына көз жеткізіңіз және ол адамда  бәрі жақсы екенін тексеріңіз, — деді Департамент өкілі.