Туроператор қызметіне сұраныс  жоғары   

Шымкентте ішкі және сыртқы туризм қарқынды дамып келеді. Өткен жылы шаһарға 400 мыңға жуық турист келген. Туризм саласында туристік операторлардың қызметі маңызды десек болады. Олардың жұмысы қызықты әрі жауапты. 2021 жылы Шымкентте 7 туроператор тіркелген болса, қазіргі уақытты қаламызда 10 туроператор лицензиямен жұмыс істеп жатыр.
Қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының мәліметінше, туроператор болып тіркелудің ережелері бар. Алдымен www.egov.kz, www.elicense.kz порталдарында өтініш қалдырып, лицензия алу қажет. Жауапты басқарма мамандары туроператорларға лицензия берілмеуінің бірнеше себебі бар, дейді. Атап айтқанда, олар:

  • Лицензиялық алым төленбеуі;
  • көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
    -көрсетілетін қызметті алушыға қатысты туроператорлық қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
    -сот орындаушысының ұсынуы негізінде сотқа борышкерге көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салынса.
    -көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
    -көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмесе (заңды тұлғаны бөлу немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыру негізінде).
    Шымкентте туроператорлардың санын көбейту – күн тәртібіндегі мәселе. Өйткені, шаһарда соңғы жылдары туроператор қызметіне сұраныс артқан. Демалыстың қауіпсіз және кәсіби түрде өтуі олардың заңды жұмыс жасауына тікелей байланысты болғандықтан «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы туроператорлармен тікелей жұмыс жасап, олардың санын арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып келеді.
    «Шымкент келбеті»