Түркістан облысының полицейлері үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды ұстады

Созақ АПБ-ға КПБ-ның жедел уәкілі полиция капитаны Қанат Нәжіметдиннен баянат түскен деп хабарлайды ТО ПД-ның баспасөз қызметі . Тәртіп сақшылары аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді. Хабар алысымен полицейлер, бірден жедел-іздестіру шарасына кірісті. Осылайша ақпарат көздері арқылы күдікті тұрғынның жеке-басы мен мекенжайы анықталды. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйінің ауласын тексеру барысында егіліп, бапталған 6 түп есірткі заты анықталды. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама нәтижесімен алынған түп «сора» есірткі заты болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Оған қоса тәртіп сақшылары есірткінің қоғам дерті екендігін ұмытпай, оны өсіріп, қолданып, тасымалдағандармен күресуді күшейтуде. Сондықтан Сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.