Түркістан полицейлері арзан бағада автокөлік әкеліп беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, алыс танысы автокөлік алып сатумен айналысатынын айтып және оған Шымкент қаласында арзан бағада «Нексиа» Ресей автокөлігі бар екенін айтып хабарлаған. Күдікті сенімдірек болу үшін жәбірленушіге «Ватцап» мессенджері арқылы өзінің көлігінің суретін жіберіп, одан 200 000 теңгесін алған. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген залалдың көлемі 200 мың теңге.Осылайша тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жұмыссыз жүрген, бұрын-соңды осындай алаяқтық жайтымен сотталған ер азамат болып шықты. Атқарылған жұмыстар барысында анықталғандай, күдікті ескі әдетіне басып, өз арам ойын іске асыру үшін жергілікті тұрғынды жолықтырып, арзан бағада машина алып беремін деген жалған уәдесімен сеніміне кіріп, ақшасын алып алады. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай 3 ай бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бұл ретте әрине жәбірленуші өз ақшасын қайтарып алу мақсатында полицияның көмегіне жүгінді. Бүгінде ұсталған күдікті орта жастағы азамат қамауда. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады! Сондай-ақ есте сақтаңыз, сіз ешкімге жеке басыңызға қатысты мәліметті беруге немесе айтуға міндетті емессіз! Әрбір мәселені заңсыз жолмен емес, тек заң шеңберінде шешуге дағдыланыңыз!

ТО ПД баспасөз қызметі