Түркістан: «250+» жобасы

Түркістан Облысында   жаңа станцияларды салып, жаңа елді мекендерге байланыс өткізілгелі бері ауылдарда интернет трафигінің өсімі байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығын 2020 жылдың сол уақытымен салыстырғанда ауылда интернетті пайдалану 155%-ға өссе, қалада 78%-ға өскен екен. Сондай-ақ, осыдан бір жыл бұрын интернетті қала тұрғындары көп пайдаланса, қазіргі кезде ауыл тұрғындарының да пайдалану мөлшері өсіп, қала тұрғындарымен шамалас нәтиже көрсетуде.

 «250+» жобасы – бұл шалғай елді мекендердегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңдікке қол жеткізіп қана қоймай, әлеуметтің барлық саласын дамытуға мүмкіндік ашады. Үш байланыс операторларының бірлескен күшімен жүзеге асатын жоба 250 тұрғыны бар ауылдық елдімекендердегі цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған. 

Алайда, «Кселл» акционерлік қоғамы тарапынан 80 АЕМ-нің 58 елді мекен ғана мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтылды. Қалған 16 ауылдық елді мекенде FWA технологиясымен, 6 ауылдық елді мекенді спутниктік трансмиссиямен қамтылған. Спутниктік және FWA технологиясымен қарапайым ауыл тұрғындарының ұялы телефондарымен қолдана алмайды.

Бұл Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және байланыс операторлары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум бекітілген болатын.

Меморандум шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін «Кселл» акционерлік қоғамы тарапынан 250-ден астам тұрғындары бар 80 ауылдық елді-мекендерді 3G немесе 4G мобильдік интертпен қамтамасыз ету жүктелген болатын.

Айта кетейік, Қазақстандағы тұңғыш рет өнеркәсіптік ауқымда Түркістан қаласында 9 локация бойынша 5G мобильді интернеті іске қосылды. 9 орын туристер мен қаланың көрікті жерлерін барынша қамту мақсатында таңдалды.

Ntime.kz