Тәуелсіздік күні қарсаңында кәсіподақ белсенділері марапатталды                                                          

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы кәсіподақ мүшелерін марапаттады.
Кәсіподақ басшысы «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің
«Үздік әлеуметтік серіктес» төсбелгімен 15 кәсіподақ белсендісін марапаттап, құрмет көрсетті.

Мереке қарсаңында құрметке бөленгендердің бірі- Калжигитов Мустапа Мұхашұлы. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, дәрігер-хирург мамандығы бойынша көп жылдан бері еңбек етіп келеді. Жоғары санатты дәрігер-хирург. Хиругия бөлімінің меңгерушісі және өз ісінің білікті маманы. Белсенді қызметкердің кәсіподақтағы жұмыс өтілі 38 жыл.

Сондай-ақ «Белсенді қоғамдық қызметі үшін» төсбелгімен 20 кәсіподақ мүшесі марапатталды. Соның ішінде Вальтер Александр. Ақ халатты абзал жан Түркістан облысы, Кентау қаласы, Кентау орталық қалалық ауруханасы, анестезиолог – реаниматолог дәрігер. Кәсіподақтағы жұмыс өтілі 19 жыл. Медицина саласында жұмыс істеу тәжірибесі мол.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясының «Еңбек озаты» медалімен Жетісай аудандық орталық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы онколог-маммолог Шералиев Аликул Асилханұлы марапатталды. Кәсіподақтағы жұмыс өтілі 20 жыл. Медицина саласында жұмыс істеу тәжірибесі мол, қызмет атқарған жылдарында өзін ылғи жақсы жақтарымен терең білімімен білікті маман екендігін көрсете білген.

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі өңірлердегі медицина қызметкерлерін қолдап қана қоймай, әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Республика деңгейінде кәсіподақ тарапынан көмек алғандардың саны жылдан жылға артып, жұмыскерлердің сенімін ақтауда рөлі зор.

Кәсіподақ ұйымының барлық мүшелерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап! Алдағы уақытта да белсенді жұмыс, әрбір отбасыға амандық тілеймін-, деп тілек білдірді Сакен Катбаев құттықтауында.