Төлебиде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін, Төлеби аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев және тиісті мекеме, бөлім басшылары қатысты. Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.

1. Аудандағы мәдениет үйлері, ауыл клубтары, кітапханалардың жағдайлары мен онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Әсілбектің есебі.

2. Төлеби ауданы «Саябақтары» КММ-не жүктелген міндеттерін орындалуы, абаттандыру көгалдандыруға бөлінген қаражаттың игерілуі және сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы, «Саябақтар» КММ-нің директоры У.Рысбаевтың есебі.

3. Аудандағы ұлтаралық ынтымақ пен бірлікті нығайтуда этно-мәдени орталықтарының және ақсақалдар кеңестерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы, Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжановтың есебі.

4. Алатау ауылдық округінде туризмді дамыту және экологияны қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы, Алатау округінің әкімі М.Құрбаналиевтың есебі.

Күн тәртібіне сәйкес кезектілігімен тиісті сала басшылары өз мекемелерінде атқарылып жатқан жұмыстары мен алда тұрған міндеттері бойынша баяндама жасады. Қосымша қоғамдық кеңестің комиссия төрағалары мен мүшелері қаралып жатқан мәселелерді алдын ала зерделеп, жұмыстарымен танысқандары туралы хабарлама жасады.

Кеңес мүшелері тараптарынан баяндамашыларға ұсыныс-пікір, сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды және көптеген түйткілді мәселелер талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта жұмыстарды жақсарту мақсатында нақты ұсынымдар айтылып, әрбір мәселе бойынша шешімдер қабылдады.