Қазақстан цифрландыру бойынша Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілері үшін оқыту жүргізеді

Цифрландыру

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі, Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрлігімен серіктестікте Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері үшін цифрлық дағдыларды дамыту бойынша «Достық – Цифрландыру» бағдарламасын ұйымдастырады.

2024 жылғы 1-5 сәуір аралығында ҚР Мемлекеттік басқару академиясы және Назарбаев Университеті алаңында 20 мемлекеттік қызметші цифрлық басқару және электрондық үкімет бойынша ағылшын тіліндегі курстар бойынша сараптамалық кездесулер мен мәдени бағдарламаны қамтитын оқытуға қатысады. Курс тыңдаушылары мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау мүмкіндіктерімен танысады және Қазақстан мен Сингапурдан келген әріптестерімен тәжірибе алмасады.

Спикерлер ретінде Назарбаев университетінің профессорлары – Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры доктор Азиз Бурханов, Сингапур Мемлекеттік қызмет колледжінен қауымдастырылған оқытушы О Кун Тянь мырза және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілі- өнімдерді ілгерілету департаментінің директоры Асқар Синчев мырза шақырылды.

Бағдарламаға қатысу үшін цифрлық қайта құруға және осы саладағы өз елдерінің ұлттық саясатын әзірлеуге белсенді қатысатын орта және жоғары буын мемлекеттік қызметшілері іріктелді.

Бағдарлама бойынша оқыту қатысушыларға «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің грантының арқасында өтеусіз негізде беріледі.

ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Баспасөз қызметі