Шымкентте 5g базалық станция іске қосылады

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығының ұйымдастыруымен өткен пресс-турда Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов айтты.

Шымкентте интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала аумағындағы байланыс желісін жақсарту мақсатында соңғы технологияға негізделген базалық станцияларды орнатуға басымдық берілуде. Бүгінгде елді мекендерге «Кcell» АҚ-ы мен бірлесе 5G технологиясымен 126 базалық станциясы орнатылды. Қазір қала аумағында 5G базалық станциясының монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аяқталып, базалық станция іске қосылады.

Қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы драма театрының шатырында орналасқан станцияның жұмысы толығымен аяқталды. Осы аумақтың тұрғындары 5G технологиясының артықшылықтарын арнайы смартфондар арқылы тегін қолдануға болады. Қалалық цифрландыру басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстардың барысын жіті тексеріп, жыл соңына дейін қойылған жоспардың орындалуын басты назарда ұстайтын болады.