Құрметті жерлестер, қадірлі ағайындар!

Сіздерді мемлекетіміздің ең ұлық мейрамы, арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған– Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!Тәуелсіздік күні – жас ғұмырын ел бостандығы үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті ерлігі мен қайсарлығын еске алатын қастерлі мереке. Сондықтан да бүгінгі күн — ата-бабамыз аңсаған арманы жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы тарихи күн.Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан барша халқымыздың достығы берік, бірлік мәңгі жасай берсін. Әрбір отбасыға бақыт, отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында табыс тілеймін.

Ізгі ниетпен,«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев