276 орам сапалы интернетпен қамтылады

Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағын ауданы 276 орамда мыңнан астам адам тұрады. 💡 мемлекеттік сапалы электр жүйесімен қамту мақсатында былтыр құрылыс жұмыстары басталған. Жалпы жұмыстың 70 пайызы атқарылды. Осы жылдың соңына дейін толық электр жарығымен қамтылады. 🚰 ауыз сумен толық қамтылған. 🔥 табиғи газбен қамту үшін қаржы қаралып, сәуір айында жұмыстар басталады. Жыл соңына дейін табиғи газбен толық қамтылады. 🌐 сапалы интернетпен қамту мақсатында қазіргі таңда оптика желісі жүргізілуде. Жаз мезгіліне дейін аяқталады. 🛣️ жол – 18 көшенің біреуі асфальтталған. 2020 жылы 5 көшеге 2021 жылы 6 көшеге тас төселді.2022 жылы 14 көше (15 км) тас төсеу жоспарлануда. 2023 жылы 7 көшеге асфальт төсеуге ұсыныс берілетін болады. 🚌 43, 16 қоғамдық көліктері қызмет етеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі