Бүгін аудан әкімі Нариман Мақұлбековтың қатысуымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік концерт өтті.Мерекелік шараға аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмайл, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбет және зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.Мерекелік шара барысында аудан әкімі Нариман Мақұлбеков айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар сала мамандарын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.Мерекелік шарада аудан әкімі Нариман Мақұлбеков, Елімізде, 1 наурыз-Алғыс айту күні ретінде биыл жетінші реттойлануда. Бұл күн — мемлекетімізде ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке.Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні.Бізге экономикалық тұрақтылық қалай керек болса, ішкі саяси тыныштық пен татулық соншалықты қажет. Бұл ізгі мереке халқымыздың біртұтастығын сақтауға, осы мамыражай, бейбіт өмірді бағалауға, ұлтаралық достықты ардақтауға шақырады. Бүгінгі күні Алғыс айту күні – бейбітшілік пен келісімнің жарқын көрінісіне айналды.Елімізді мекендейтін түрлі ұлттар мен ұлыстар қазақ жерін туған еліміз деп ардақ тұтады. Қазіргі таңда республикада 130-дан астам этнос өкілі өмір сүрсе, ауданымызда 18 ұлт өкілі тұрады.Бүгінде елімізде Қазақстан этностарының мәдениеті, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалуда.Алғыс айту мерекесі — Жаратушыға, Отанға, туған жерге, ата-анаға, ағайын-туысқа, өмірлік жарыңа, ұрпақтарыңа, дос-жаранға, Елбасына, ел басқарған азаматтарға, қарттарға, ұстаздарға, әріптестерге — алғыс айтып, ыстық ықылас білдіру мерекесі.Халқымызда «Алғыспен ер көгерер», деген дана сөз бар. Бұл сөздің түп-төркінінде үлкен мән-мағына жатыр. Алғыс айту күнінде барша аудан халқына елімізді өркендету мен дамыту жолындағы жұмыстарға сүбелі үлес қосқаны үшін алғысын жеткізді. Мерекелік шара соңында аудан әкімі ауданымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыстар тіледі.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі