Бәйдібек ауданының полицейлері Шаян елді мекенінің тұрғыны 1938 жылы туған, Тыл ардагері Жаппар Сұлтанбековтің үйіне арнайы барды. Тәртіп сақшылары бір топ мектеп оқушыларымен бірге, Наурыз мерекесіне орай ардагердің үйін жинастырып, ауласын күл-қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Қайырымдылық — адамзат бойындағы ерекше қасиеттің бірі болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі екені даусыз. Адам баласының осынау асыл қасиетін айшықтайтын қайырымдылық іс-шарасы бүгінде біздің полиция қызметкерлерінің арасында кең етек жайып, тұрақты түрде ұйымдастырылады.Осындай игі істі бәйдібектік полицейлер, ері мен әйелі де жұмыссыз, жас отбасыға жасады. Полиция қызметкерлері көмекке мұқтаж отбасының үйіне барып, хал-жағдайын сұрап, азық-түлік өнімдерін апарып берді. Бүгінгі таңда бұл отбасында 3 ұл-қыз тәрбиеленіп отыр. Өз кезегінде жас ана полицейлерге алғысын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.
ТО ПД баспасөз қызметі