Ақылды қаладағы жолаушылар тасымалы

Қазіргі таңда, Түркістан облысы бойынша 118 облысаралық 520 автокөлік қызмет етеді.  Бұдан бөлек, 14 ауданарлық және 62 автокөлік тұрақты бағыттар жолаушыларды тасымалдайды. 2018 жылғы қазан айында Түркістан қаласындағы 2 бағытқа (№1 және №1А) жол ақысын электронды төлеу жүйесі пилотты жоба ретінде іске қосылған болатын.

Жоба аясында 21 автобусқа планшеттер мен 120 QR кодттармен қамтылды. Сонымен қатар, жолаушыларға жарнамалау үшін 5 баннерді орнату жұмыстары жүргізілілді.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жол ақысын электронды төлеу жүйесін енгізумен қатар, тұрақты бағыттардағы жолаушылар көлігін қозғалысын және олардың қозғалыс жүйелілігін жақсатартатын бірқатар жұмыстар жүйелі атқарылды. Сонымен бірге, автокөліктерді GPS трекермен қамтамасыз ету де назарға алынды. Қоғамдық көліктерді бақылауға арналған диспечерлік орталық іске қосылды.

Сонымен қоса, негізгі құрамдағы ауданаралық және облыс аралық тұрақты бағыттардағы 594 автокөлік құралының барлығы GPS құрылғысымен жабдықталған.  (100 % орнатылған).

  • Ауданаралық – 62 Автокөлік;
  • Облысаралық – 532 Автокөлік.

Сондай-ақ, 2019 жылға қажеттілікке байланысты Ақылды тұрақтармен бағдаршамдарды орнатуға назар аударылуда.

          Жауаптылардың пікірінше аталмыш жүйе бағыттарға түсімді жинаудың есебінен пиғылды іс-әрекеттеріді 30% азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, маршруттық желіні оңтайландыру есебінен жолаушылар ағынын ұлғайту және жолаушылар қызмет көрсету сапасын 20% арттыруға өз септігін тигізетін болады. Жоба аясында сапалы қызмет көрсету және телемдерді оңтайландыруды 40% жақсартады деп күтілуде.Бұдан бөлек, қала шеңберінде жолаушылар тасымалын құру және қолжетімділігін 65% жоғарылату көзделген.            Айта кетейік, Түркістан қаласында биыл қалаішілік орталық көшелерге 100 дана аялдама павильонын орнату жоспарланған. Барлығы тұрғындардың қажеттілігіне қарай орналасатын болады. Қазіргі таңда аялдамалардың эскиз жобасы әзірленіп жатыр.           Сондай-ақ, биыл қоғамдық көлік бағытына 30 жаңа автобус қосылады. Былтыр 40 жаңа автобус әкелінген болатын. Бұдан бөлек, биыл Түркістан қаласында 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 2021 жылы Түркістан қаласында 15,1 шақырымды құрайтын 11 көше орташа жөндеуден өтті. Бұл жөндеу жұмыстары коммуникациялық жүйелері толығымен аяқталған көшелерде жүзеге асты. Топырақ жолдардың санын азайтып, тас жолдарыдың саны мен сапасын арттыру мақсатында 2021 жылы 158 шақырымды құрайтын 185 көшеге тас төселді. Сонымен қатар, биыл 29,63 шақырымдық 26 көшеге аяқжол салу көзделуде.

Ntime.kz