Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес қоғамдық орындарға тегін WІ-FІ нүктелерін орнату қолға алынған болатын. Осыған орай облыстың 7 аймағына 47 тегін WІ-FІ нүкте орнатылды.
Атап айтсақ, Түркістан– 19, Кентау – 8, Арыс– 4, Түлкібас ауданы,Т.Рысқұлов ауылы-3, Төле би ауданы, Ленгер ауылы– 3, Сайрам ауданы,Ақсукент ауылы – 4, Мақтарал ауданы,Мырзакент ауылында-2 тегін WI-FI нүктесі бар.
Қазіргі таңда аталған қызмет түрін пайдаланушылар саны артқан. Жыл басынан бері өңір тұрғындарының интернетті пайдаланушылар саны Кентауда 2718, Түркістанда-18560, Сайрам-6042, Мақтарал-8946, Төле би-186, Арыс-11611, Түлкібас-6715-ке жеткен. Қазіргі таңда Free Wi-Fi сымсыз тегін интернет нүктелеріне 35 324 қолданушы тіркелген.
Ntime.kz