Түркістан облысының Цифрландыру,мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының бастамасымен Түркістан қаласында “ЯНДЕКС ТАКСИ” қызметі өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінгі таңда бұл бастама тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Өйткені, азаматтар діттеген жеріне уақытыл жетуіне қолайлы жағдай жасалды. Қызмет ақысы да қалтаға қонымды. Тұрғындар жүрген жолына қарай төлейді. Бұрынғыдай саудаласу, артық әңгіме артта қалды.
Таксиге тапсырыс бергенде баратын жердің нақты мекенжайын білу міндетті емес, мекеменің немесе ұйымның атауын көрсету жеткілікті – сервис оны картадан тауып, маршрут құрады. Оның үстіне, қосымша машинаны беру үшін анағұрлым қолайлы орынды ұсына алады. Мысалы, кейбір жағдайларда жолдың екінші бетіне өту жеткілікті, сонда машина тезірек келеді, ал сапардың құны төмендеу болады.
Яндекс.Такси таксопарктермен және диспетчер қызметтерімен бірге қызмет етеді, жүргізушілермен тікелей жұмыс істемейді. Тапсырыстарды үлестіру барысында қосымша пайдаланушылардың бағалауларына және орындалған сапарлардың статистикасына негізделген жүргізушінің рейтингін есепке алады.
“ЯНДЕКС ТАКСИ” қызметіне жүгінген кез-келген адам, диспетчерге қоңырау шалмай-ақ, ресми таксиді тиімді тарифтер бойынша шақыруға мүмкіндік беретін сервис болып табылады.
Автокөлікке сайттан және IOS, Android қосымшалары, +77075500755 нөмірі арқылы тапсырыс беруге болады.
Сервистің басты артықшылықтары:
• Машинаны шақырудың ыңғайлы тәсілі;
• Тиімді тарифтер;
• Сапардың соңғы құны;
• Банк картасымен немесе қолма-қол ақшамен төлеу;
• Көлікті жөнелтудің орташа уақыты — 7 минут.
Тапсырыстарды серіктестер— такси қызметтері орындайды,сондай-ақ жүргізушілер үшін арнайы аттестаттау қарастырылған, ал автокөліктер тиісті стандарттарға сәйкестікке тексеруден өтеді. Қосымша сапар аяқталысымен өзінің сапардағы тәжірибесін бағалауды ұсынады. “ЯНДЕКС ТАКСИ” қызметі ең алғаш рет 2011 жылы іске қосылған болатын.
Ntime.kz