Шымкент қаласы Мирас колледжінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өтті. 21.11.2022 жылы «Мирас» колледжі кітапханасында білім алушыларымен бірге «Жемқорлық орға жығады» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Құқық маманы Алтынай Мамадалиевна мен кітапханашы Гүлшат Ибикеновна білім алушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуді түсіндіріп кетті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тақырыбын қозғайтын бірқатар сұрақтар қойылды, қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сауалдарына толық жауап алды. Шарада сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор екендігі жайлы айтылды.
Сонымен қатар 29.11.2022 жылы осы «Мирас» колледжі мекемесінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК-ның маманы Жургенбаева Назира, Жастар ресурстық орталығының аутрич NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Қалмырзаева Акжарқын, Алип Арайлым, эпидемиолог-Елшибай Шоканның бірлестігімен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы 2022 жылғы «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу» тақырыбында іс-шара жүргізілді. Сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шара барысында сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Соңында білім алушылар сұрақтарын қойып, жеткілікті мәлімет ала алды.
Сондай ақ 28.11.2022 жылы «Мирас» колледжі мекемесінде «AUEZOV JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қаржылық және интернет алаяқтықтың экономикалық және мүліктік қылмыстарға қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын артыру» тақырыбында флаер таратып, кездесу өткізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, білім алушылар өздеріне қажетті мәліметті ала алды.