23.01.2023 жылы Шымкент қаласы Әкімдігінде арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда жерді өз бетінше иеленіп алуға байланысты туындаған проблемалық мәселелерді шешу және алдағы уақытта болдырмау мәселелері талқыланған.
«Жерді өз бетінше иеленуге жол жоқ», — атты Жоба менеджментінің Жарғысы, іс-шаралар Жоспары бекітілген, сондай-ақ жұмыс тобы құрылған.
Өз кезегінде 01.02.2023 жылы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен Жобаны іске асыру басталды.
Іс-шара шеңберінде қалалық әкімдік пен су, газ және электр энергия беруші мекемелер арасында меморандум түзілді.
Меморандумның мақсаты жер учаскелерін өз бетінше иеленген тұлғаларға су, газ және электр энергиясын беруге тыйым салу болып табылады.
Кеңесте Жобаның іс-шаралар жоспарының орындалуының тетіктері талқыланып, жұмыс тобына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Шымкент қаласының прокуратурасы