«Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Фахритдин Шанкаров, Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев, сондай-ақ Тараз қаласы Полиция басқармасының басшылығы еріктілердің, жұртшылық пен блогерлердің қатысуымен рейд ұйымдастырды деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
— Түнгі рейдтердің негізгі бағыттары-18 жасқа толмаған, заңды өкілдерсіз түнгі уақытта ойын-сауық және көңіл көтеру орындарында жүрген тұлғаларды анықтау, балалардың қадағалаусыз қалуының жолын кесу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Жедел -алдын алу іс-шарасы қатысушыларының назарына саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, кафе-барлар, компьютерлік клубтар және басқа да жастар жиналатын орындар болды, -деп атап көрсетті жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция полковнигі Фахритдин Шанкаров.
«Біздің инспекторлар бірінші кезекте компьютерлік клубтартарға кіреді, себебі олардағы мәселе өзекті болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір балалар түні бойы онда түрлі ойындар ойнап, отыра береді. Егер мұндай бұзушылық орын алса, жасөспірімдердің құжаттарын тексермеген клуб әкімшісі немесе мекеме иесі жазаланады. Айыппұл әкімшілік тәртіппен 10-нан 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде салынады. Бала полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оның ата-анасы не заңды өкілдері істі қарау үшін шақырылады. Одан әрі профилактикалық әңгіме жүргізіледі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» бойынша айыппұл салынады. Егер бала үнемі қдағалаусыз сенделіп жүрсе, ата-анасы ата-ана тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Бұл қазірдің өзінде күрделі бап, оның негізінде жауапсыз ата — аналар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін», — деп түсіндірді полиция полковнигі Р. Әшкеев.
Рейд барысында қаладағы танымал блогер Жанна Папинаның тікелей эфирі өтті, ол барлық кәмелетке толмағандарды тәртіп сақшылары планшеттегі мәліметтер базасы арқылы тексергенін және жасөспірім болып көрінгендердің көпшілігі іс жүзінде кәмелетке толған тұлғалар екенін айтты.
«lider.kz» қозғалысының еріктілері құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ жоғалғандарды іздеу жұмыстарына баға жетпес үлес қосуда. Аталған еріктілер қозғалысының Тараз қаласындағы ең белсенділерінің бірі Николай Чагай болып табылады, ол да рейдке қатысып, өзіне белгілі бірнеше жасөспірімдер жиналатын орындарды көрсетті .
Сондай-ақ, білім басқармасы мен өзге де мүдделі органдардың өкілдерін тарта отырып, қосымша жұмыс топтары құрылды.
Рейд қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 28 кәмелетке толмаған бала жеткізіліп, 25 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.