Қоғамдықтық кеңестің қоғам үшін маңызы зор. Төлеби аудандық қоғамдық кеңесінің төралқа құрамының отырысында нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын талқылау және тұжырымдау туралы 2 мәселе қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Б.Сақов Төлеби ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы шешімнің жобасымен таныстырды.
Екінші мәселе бойынша Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Сарбеков хабарлама жасады. Шаруа немесе фермер қожалығын ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа ұсынылатын жер телімдері тізбесінің әр тармағын жекелеп түсіндірді. Қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, зерделеніп соңынан қарар қабылданды.