2021 жылдың 30 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен қала аумағында карантин талаптарын сақтамаған нысандарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Рейд барысында полиция қызметкерлері қаладағы Қонаев пен Тәуке хан даңғылдары қиылысының алдындағы «Береке» сауда орталығының 4 қабатында орналасқан «Мята» лаундж-бар карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқанын анықтады. Оның ішінде шамамен 30-ға жуық келуші болған.
Тәртіп сақшылары аталған лаундж-бардың әкімшілігімен профилактикалық сұхбат жүргізіп, карантин ережелерін сақтау керектігін ескертті.
Анықталған жайтқа қатысты шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жинақталған іс-құжаттар жолданды.