Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мен Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік бабалар аманаты» атты республикалық «Күміс қалам — 2023» жас ақындар мүшәйрасы өтті. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған поэзиялық кеш — жастардың ынтасын арттырып, ақындардың шабытын ашуға зор мүмкіндік береді.
Алғаш болып Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов сөз алып, жас қаламгерлерге сәттілік тіледі. Ережеге сәйкес поэзия кешіне республика бойынша 16 жас ақын қатысып, авторлық өлеңдерін ортаға салды. Үш кезең бойынша ақындар бір-бірімен жұптасып, түрлі тақырыптарда жыр шумақтарын оқып, поэзия кешінің көркін қыздыра түсті.
Қазылар алқасы құрамында Ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Ана тілі газетінің редакторы, қазылар алқасының төрағасы Ерлан Жүніс, Ақын, Алаш әдеби сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызы, әдебиеттанушы, ұстаз, аудармашы Абай Қалшабек, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Танакөз Толқынқызы, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Әлімжан Әлішер болып, жас қаламгерлердің шығармашылығына әділ бағасын берді.
Поэзия кешінің қорытындысы бойынша
БАС ЖҮЛДЕ — Айзада Рахымжан
Жадыра Байбуланова — Есенғали Раушанов атындағы арнайы жүлде
Серғазы Қайырболды — Аманхан Әлімұлы атындағы арнайы жүлде
Сезім Мергенбай — Мархабат Байғұт атындағы арнайы жүлде —
Абзал Мақаш — Әбілда Аймақ атындағы арнайы жүлде
Шерхан Талап — Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы жүлде
Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз.
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, қадірлі өнер сүйер қауым!
Ертең 17 қазан сағат 11.00-де Жастар ресурстық орталығында өтетін «Күміс домбыра — 2023» республикалық жас ақындар айтысына баршаңызды шақырамыз. Шашасына шаң жұқпас ақындардың өнерін тамашалап, ұлттық өнерге қолдау көрсетейік!