Аудан әкімі Арман Сәбитов Қарасу ауылдық округ тұрғындарымен кездесуінде жарықтың жиі өшуі, бағаналардың тозығы жеткені жөнінде мәселе көтерілген болатын. Бұл жөнінде тиісті мекемелерге тапсырмалар жүктелген.
Бүгінгі таңда Қарасу ауылына қарасты Жайлау, Панфилов көшелерінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС балансындағы 44 электр бағаналары, СИП кабель және трансформаторды ауыстыру жұмыстары жүруде.
Аталған жұмыстар өзгеде елді мекендерде кезең- кезеңімен жалғасын табатын болады.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі