Бүгін ауданымызда БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-туры өтуде. Аталған іс-шара аясында журналистер аудан орталығы Ақсукент елді мекенінде орналасқан «ECO-BUILDING GROUP» ЖШС газоблок және бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты.
Аталған кәсіпорынның басшысы Мадияр Шадиярбекұлының айтуынша, жылына 150 мың текше метр газоблок өнімдері шығады екен. Жалпы жобаның құны — 1 026,3 млн.теңгені құрайды. Бүгінде онда 62 маман жұмыс істейді. Құрылыс материалдары – Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарына өткізіледі,- дейді кәсіп иесі.
Айта кетейік, нысан газоблоктар және бетон бұйымдарының барлық түрлерін өндіреді.
Сайрам ауданының баспасөз қызметі