Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою болып табылады. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу- бұл мемлекеттің, қоғамның , жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың қылмыстық іс-әрекеттер жасауына жол бермеуі болып табылады.
Ел болашағы – кейінгі жастардың қолында. Сондықтан оларды дұрыс жолға тәрбиелеу елдің жарқын болашағы үшін жасалған игі қадам саналады. Сол үшін де ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше қараған. Жас ұрпақ тәрбиесінде теңдік және үйлесімділік секілді құндылықтар болуы маңызды.
Бүгінгі таңда жастар арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Сондай шаралардың бірі – Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен өткен «Заңды білу-заман талабы» тақырыбында Индустриалды-техникалық колледжінің жастары арасында өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы Тұран ауданы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға лейтенанты Қанаев Берік қатысып, ҚР Қылмыстық және Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстерiнен толық мәлiмет берiлiп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатын жеткізді.