«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Абай ауданында жасыл желектерді баптау, шөп ору, тал егу сынды тазалық жұмыстарымен басталды. Экологиялық іс-шараға аудан аумағындағы тұрғындар, 70 кәсіпкерлік, 60 әлеуметтік нысан қатысты.
—«Бір тал кессең, он тал ек» демекші, қаламыздың көркеюіне біз де өз үлесімізді қоссақ деген ниетпен бүгін тал егіп жатырмыз.Бұл тазалық акциясы өзіміз өмір сүретін ортаны жай ғана жинап-тазалау емес, тұрғындарды өз қаласын таза ұстауға шақыру деп білемін. Сондықтан бәріміз де белсенділік танытуымыз қажет, — деді қалалық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Сәбит Мұқанов.
Тазалықшылар Шымсити, Асар, Тұрлан шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және Темірлан тас жолы, Барыс базары, әуежай аумағы мен Ақмешіт аумактарындағы шөптерді орып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысына 15 техника жұмылдырылып, 20 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, Шымсити шағынауданында орналасқан Конгресс хол аумағына мәдениет саласының қызметкерлері әкімдікпен бірлесе 100-ден аса көшет отырғызды.