25-қазан Республика күні мерекесіне орай Жамбыл облысы ПД қызметкерлері және ардагерлері арасында шахматтан облыс біріншілігі өткізілді.
ПД бастығының бастамасымен ұйымдастырылған жарысқа барлығы 15 команда 48 қызметкер қатысты.
—Республика күні мемлекетіміздің Егемен ел ретінде саяси дәрежесі айқындалған күн. Осы Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығын сақтауда полиция қызметкерлерінің үлесі зор. Сондықтан ұдайы қызметте болатын полиция қызметкерлерінің дене дайындықтары мен ойлау шеберлігі әрқашан бабында болуы маңызды. Бүгінгі спорттық іс-шара да осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. Баршаңызға сәттілік, мереке құтты болсын,-деп ПД бастығының орынбасары Жайдарбек Құттыбаев жарысты салтанатты түрде ашты.
Бір күндік біріншіліктің нәтижесінде ой ұшқырлығын сынасқан шахматшы полицейлер арасында ең үздік шыққан ардагер Құрманалиев Исмағұл және Т. Рысқұлов АПБ қызметкері Үдербай Ақниет 1-орынды жеңіп алды. Ал екінші орын жүлдесі ардагер Наржанов Темірханға, ПД ЖҚАЖ бастығы Райқұлов Қанағатқа бұйырды. Комбинацияларды ұтымды ойластырған Талас АПБ қызметкері Наймантай Сұлтан 3-орынға лайық деп танылды.
Барлық жеңімпаздарға ПД бастығының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жамбыл облысы ПД