Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілді

бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен  №2 «Арнайы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының» мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қызметті алушылардың кедергісіз қызмет алуына Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Бақылаудың мақсаты, мемлекеттік қызмет көрсету сапалылығы, қызметті алушыларға қолайлы жағдайдың болуы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Сервистік және Клиентке бағдарланған ұстанымды қалыптастыру болып табылады.  

Қоғамдық  бақылау жүргізу шараларына Департаменттің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы А.Қансейіт және Республикалық «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.

Бақылау барысында: ана мен балаға арналған бөлменің белгілебегені, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы өзекті ақпарат тақтасының болмауы және уәкілетті органға олардың құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну мүмкіндігі туралы ақпараттың болмауы сияқты кемшіліктер анықталды.

Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері аталған кемшіліктерді қалпына келтіру, қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау қажеттігін жеткізді.  

Сонымен қатар, Қоғамдық бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, сонымен қатар, бюрократиялық мәселелер және оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды.

 Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасатын болады.