Биылғы жылғы қуаңшылық батыстық шаруаларға қиын соғып тұрғаны белгілі деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңбыр мөлшерінің аз түсуі, мал азығының тапшылығына, батыстық шаруаларды мал шығынына әкеліп отыр. Тиісті қиындықты еңсеру мақсатында Түркістан облысында БАТЫСҚА КӨМЕК шарасы қолға алынды.Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің атсалысуымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен келісім жасалып, логистика мәселесі шешілді. Аталған шараға Арыс қаласы әкімі Г.Құрманбекованың ұйымдастыруымен арыстық шаруалар мен белсенді азаматтары көмек қолын созды. Шөпті жинауға және артуға қаланың еріктілері, белсенді азаматтары көмек көрсетті.Атап айтқанда, Арыс қаласына қарасты Қостүйін тұйығынан (тупик) Маңғыстау облысына 3 мың бау, яғни, 3 вагон шөп жіберіліп, тиісті мал азығы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылдық округіне, Қарақия ауданының Сенек, Бостан, Құланды ауылдық округтеріне қарасты шаруашылықтарға жеткізіліп, үлестіріліп берілді. Батыстық шаруалар өз кезегінде Арыс қаласы әкімдігі мен шаруаларға, белсенді азаматтарға арнайы АЛҒЫС жолдады.
Тиісті шараға белсене қатысқан Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округіне қарасты Сырдария ауылының тұрғындары Шпеков Әмір Құралбайұлына, Зүлфия Нұсқабекқызына, Шыныбеков Түгелге, қала тұрғыны Ерзат Ергентайұлы, Қолғабыс қорының төрағасы Сырлыбек Мұсабеков бастаған барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Игі шара жалғасын табатын болады.