Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз Тәуелсіздіктің 1995 жылында айбынды Ата Заңымыз қабылдап, Ұлы дала төсіндегі Тәуелсіз Қазақстанның өз көші басталғанын көрсетті. Бұл заң халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрі мен таным-түсінігі ескеріле отырып, әлем елдерінің тәжірибелері де назардан тыс қалмай, халқымыздың игілігі мен жарқын келешегі үшін қабылданған құқықтық құжат. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні – мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмейтін болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да – жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы керек. Яғни, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға, әсіресе сотқа өтініш білдіргенде, Конституцияны, оның нормаларын пайдалануға құқылы.«Халқымыз – мемлекеттің ең басты байлығы болса, Конституциямыз – халқымыздың ең басты байлығы». Ата Заңымыздың қадірін біліп, еліміздің әр азаматы Ата Заңын жетік білсе, бабалар аманатына адал болғанындай, Ата Заңға адал болса, заң талаптарын сақтаса, еліміз тек биіктерден көрінері сөзсіз. Мереке құтты болсын!
Құрметпен,Сапархан УмаровАрыс аудандық сотының төрағасы