Сарыағаш АПБ полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, аудан аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға негізінен жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.Рейд кезінде полицейлер аудан төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үйлерді аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап , құжаттарына тексеріс жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарында мал тасымалдаушы көліктерді тексеріп,нәтижесінде Құркелес ауылынан « Газель» маркалы автокөлігімен ветеринарлық куәліксіз, құжатсыз 15 уақ малды заңсыз тасымалдау жайтын анықтады. Осыған орай ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша құжаттары жинақталып, әкімшілік шара қолдану мақсатында аудандық ветеринарлық инспекцияға жолданды. Сарыағаш аудандық полицейлері мұндай рейдтік іс-шаралар жиі-жиі өткізіліп тұратындығы туралы хабарлайды. Сондай-ақ мал ұстаушы аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін , өз жеке меншік малдарының қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды және ветеринарлық құжат рәсімдеп, түгел таңбалап сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі