Биылғы оқу жылының басталуына орай полицейлер тарапынан көптеген іс-шаралар өткізілуде. Әсіресе білім беру мекемелерімен байланыста болу, оқушылар арасындағы құқықбұзушылықты қадағалау жұмыстары жиі жүргізілуде. Осындай білім беру мектептеріндегі мәселелер аясында Түркістан облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция полковнигі Қуанышбек Жұмаділдаев пен Адами әлеуетті дамыту басқармасының бастығы Рақымбек Жолаев кездесіп, алдағы атқарылатын жұмыстарды жоспарлады. Бұған қоса кездесуге күзет қызметінің полицейлері мен басқарма қызметкерлері қатысты. Жиын барысында сөз алған полиция полковнигі Қ.Жұмаділдаев облыс бойынша білім беру мекемелерінің 60 % бейнекамера құрылғыларымен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Сонымен қатар осы көрсеткішті 100% жеткізіп, барлық білім беретін мекемелерге күзет қызметін тағайындау мәселесін алға тартты. Кездесу соңында осы бағытта алдағы аналитикалық, ұйымдастырушылық жұмыстарға жоспар құрылып, полиция және басқарма қызметкерлеріне арнайы тапсырмалар жүктелді. Балалар – еліміздің болашақ мамандары. Ал олардың қауіпсіздігі әрдайым полицейлердің бақылауында.
ТО ПД баспасөз қызметі