Осыған байланысты түсіндіреміз, осы жылдың 25 мамырында полицияға Сарыағаш ауданының тұрғыны арызданған. Онда әйел өзінің 17 жасар қызын ұрлап кеткенін хабарлаған. Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Полицейлермен 2004 жылы туған қыздың жұмысқа кетіп, жоғалып кеткені анықталды. Осыған байланысты полиция барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді, нәтижесінде ол бір тәулік ішінде табылып, ата-анасына қайтарылды. Бір аптадан кейін, яғни 31 мамырда әйел тағы да полицияға ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы нотариалды куәландырылған өтінішпен жүгінді. Осы жылдың 10 маусымында ауыл тұрғыны қайтадан полицияға жүгінеді. Бұл жолы қызын бір топ адам, яғни 17 ер адам зорлады деп арызданған. Аталған арыз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-бөлігі бойынша бірден тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Сот-медициналық сараптама қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды. Сондай-ақ жәбірленушінің анасы қызының киімдерін өртеу арқылы жойып жібергені анықталды. Осыған байланысты сарапшылар экспертиза жүргізе алмады. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеп-тексерумен ТО ПД Тергеу басқармасы айналысуда. Сараптамалар кешені тағайындалды. Нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.
ТО ПД баспасөз қызметі