Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полиция қызметінің сервистік модельге көшуі басым бағыттардың бірі болды.Осы бағытта ішкі істер органдары қыз¬мет¬керлерінің сервистік модельге көшуі қарқынды іске асырылып келеді. Өйткені негізгі мақсат – қажеттіліктерге жауап беретін және қоғаммен серіктестікте жұмыс істейтін кәсіби, өкілді, жұртқа жақын, ашық әрі қолжетімді полиция қызметін құру. Сонымен қатар сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделу. Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы тарихи өңір болуымен қатар, ғасырдан ғасырға дейін жалғасып, өзінің кереметтілігімен туристерді тартып, олардың ағылып келуіне ықпал етіп отырған әйгілі Қ.А.Яссауи кесенесі де осы аумақта орналасқан. Сондықтан берілген бұл мүмкіншілікті оңынан пайдаланып, қасиетті мекенді туризм орталығына айналдыру жұмыстары үзіліссіз жүзеге асырылып жатса, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, солардың тілінде еркін сөйлейтін полицейлердің қатарын арттыру ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан мықтап қолға алынған. «SOS» батырмасы – қауіпсіздіктің кепіліБұл сөзімізге дәлел «SOS» батырмасы. Яғни өңірімізге келген турист, еліміздің азаматы полиция тарапынан жәрдемді қажет етсе немесе қауіпке тап болған кезде бірден көзге көрінікті орындарға қойылған «SOS» батырмасына қолын апарып басып, болған жайт бойынша хабар бере алады. Арнайы хабарлама бірден полиция қызметкерлерінің жедел желісіне түседі. Оператор сол мезетте жақын маңдағы полиция қызметкерін көмек қажет орынға бағыттап, қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алады. Сонымен қатар осы қызметті мобильдік қосымша арқылы да алуға болады. Яғни батырма тақталарынан бөлек арнайы қосымшалар да жетілдіріліп, қолданылып келеді. Негізі мұндай жобалар өз кезегінде туристерге жайлылық пен қауіпсіздік береді. Түркістандағы тәулік бойы қызмет көрсететін стационарлық бекеттерСервистік полицияны дамытуда стационарлық бекеттер мен туристік полицейлерді де мысал ретінде айтып өтуге болады. Себебі бұл жобалар өз кезегінде халық пен мемлекет үшін маңызды әрі аса қажетті екендігін дәлелдеп отыр.Стационарлық полиция бекеттері тәулік бойы қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда облыс аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында адамдар көп шоғырланатын жерлерде біздің Полиция департаментінің 13 стационарлық бекеті қойылып, жұмыс істеп тұр. Оның ішінде қазіргі заманауи талапқа сай 6 стационарлық модульдік пункт тәуліктеп қызмет көрсетеді. Әрбір стационарлық бекетте қызметкерлер кезекшілікке түсіп, тәртіпті қадағалайды. Аталмыш бекеттердің барлығы заманауи техникамен, атап айтқанда портативті бейнетіркеуіштермен, радиостанциялармен және планшеттермен жабдықталған. Тағы бір ерекшелігі стационарлық бекеттер сыртқы бейнебақылау камерасымен жабдықталып, Жедел басқару орталығына қосылған. Олар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстың алдын алу бойынша қызмет атқаруда.
ТО ПД баспсөз қызметі