Арыс қаласы әкімдігі қаланы көркейту мен көгалдандыру және санитарлық тазалық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын түрлі номинациялар ұйымдастырып, жеңімпаздарды анықтауды дәстүрге айналдырған.Бүгін қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында 2021 жылдың қорытындысына сәйкес «Үлгілі үй», «Үлгілі аула», «Үлгілі кіреберіс», «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша бірқатар азаматтарға қала әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сыйлығы табысталды.Салтанатты шарада сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сапарбай Дәрібай ажары мен айбары асқақтаған келісті келбетімен қаламыздың көркеюіне ат салысып, жүлдегер атанған азаматтарды марапаттады.«Жыл қорытындылап, жаңа жылда жаңа мақсат міндеттер айқындар тұста үлгілі үй мен кіреберіс, аула мен ауыл жеңімпаздарын айқындап жатырмыз. Біз осындай іс-шаралар ұйымдастырып, озаттарды өзгелерге үлгі ету арқылы қоғамды өркениетке жақындата түсеміз. Олай болса, осы мақсат жолында еңбектенген баладан, еңкейген қарияға дейін үлес қосқан жандарға зор алғыс білдіремін. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа жақсылығын ала келсін», – деді С.Дәрібай.Сонымен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ішкі және сыртқы көрнекіліктерін жаңартып, ауласын тазалап, көркейтіп, көгалдандыру жұмыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін «Үлгілі үй» номинациясы бойынша:- Ақынбеков көшесіндегі №42 үй (Арыс қаласы);- Жұмабаев көшесіндегі №116 үй (Арыс қаласы);- Б.Оңтаев көшесіндегі №79 үй (Арыс қаласы);- Амангелді көшесі №5 үй (Монтайтас елді мекені).«Үлгілі аула» номинациясы бойынша:- №4 бастауыш мектеп (Арыс қаласы);- «Балапан» балабақшасы (Арыс қаласы);- «Балдырған-М» балабақшасы (Монтайтас елді мекені).«Үлгілі кіреберіс» номинациясы бойынша:- Әбдіразақов көшесіндегі №44 үйдің 1-кіреберісі (Арыс қаласы);- Құдайбердіұлы көшесіндегі №63 үйдің 1-кіреберісі (Арыс қаласы).Ал жыл қорытындысы бойынша Монтайтас ауылдық округі «Үлгілі ауыл» ретінде танылды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі