Сала мамандарымен бірге Арыс қаласын аралаған шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова Көктем мөлтек ауданында болды.⠀Қала басшысы мұнда алдағы уақытта құрылысы басталатын Жұлдыздар аллеясының орнымен танысты.⠀Аумағы 1 гектарды құрайтын аллеяда орындықтар, жарықшамдар қойылып, жаяу жүргіншілер жолы салынатынын айтқан Гүлжан Мамытқызы қала тазалығы өзекті мәселенің бірі екендігін атап өтті.⠀- Қаламызда бей-берекет шашылатын күл-қоқыс үйінділері антисанитариялық жағдайды ушықтырады. Жалпы, мұндай көріністі жиі кездестіруге болады. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау — бұл бәріміздің ортақ міндетіміз. Біз БАҚ бетінде арнайы кесте жариялап, соған сәйкес тұрмыстық қалдықтарды қапқа салып шығару керектігін ескерттік. Дегенмен, шаһар тазалығына немқұрайлы қарап, кез-келген жерге қоқыс төгетін, тазалық мекемелерімен келісімшартқа отырмайтын тұрғындар да баршылық. Енді бей-берекет қоқыс тастағандарға айыппұл саламыз, – деді Гүлжан Мамытқызы.⠀Кейбір көше тұрғындары үй іргесін тазалап қана қоймай, ағаш отырғызып, ауласын абаттандырып қоятын тұрғындар да бар. Қала басшысы ондай тұрғындарға ризашылығын білдірді.⠀- Біз жыл сайын «Үлгілі көше», «Үлгілі аула», «Үлгілі үй» сынды номинациялар бойынша конкурс ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттап, өзгелерге үлгі етіп келеміз. «Отбасы – шағын мемлекет» демекші, отбасылық құндылықтары дәріптелген, тазалық пен көгалдандыруға жаны жақын жанұялар неғұрлым көп болса, қаламыздың мерейі үстем болатыны сөзсіз, — деді Гүлжан Мамытқызы.⠀Бұдан кейін Гүлжан Құрманбекова әскери қалашық тұрғындарын қаламен байланыстыратын аяқ жол мәселесіне арнайы тоқталды. Мәселені тыңғылықты зерделеген әкім тиісті бөлім басшыларына заманауи аяқжол салуды тапсырды. Ал бұл өз кезегінде Қожанов мектебінде оқитын оқушылар үшін тиімді болмақ.⠀Айта кетейік, шара аясында теміржол үстімен өтетін аспалы көпір жайы мен оны салатын орын да пысықталды.⠀(Жалғасы келесі постта)
⠀Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі