«Алтын алқа» иегері криминалист полицей – Іңкәр

Іңкәр Рашидқызы

Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, азаматтардың тыныштығын күзетудің маңызын терең ұғынып, өз қызметін жауапкершілікпен атқарып жүрген арулардың қоғамда орны ерекше. Еңбекқор криминалист полицей кәсіпқойлықта, төзімділікте және адалдықта ер адамдардан кем түспейтін – полиция қызметкері Іңкәр Рашидқызы соның дәлелі.

Түркістан облысы ПД Ордабасы ауданында аға криминалист Іңкәр Рашидқызы егіздерді екі рет өмірге әкелген, яғни 7 баланың анасы «Алтын алқа» иегері. Іңкәр ,,,,, дің шендік және келіндік қызметін қатар алып жүргенін мақтан тұтып, барша қазақ келіндеріне үлгі етеміз.

Осынау көктемнің шуақты мерекесінде барша шенді арулардың отбасына амандық, деніне саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр тілейміз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі