Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті

Жетісай ауданы аумағында қоғамдық-саяси біртұтастықты сақтау, бірлік пен татулықты насихаттау мақсатында, тұрғындар және ресми, бейресми көшбасшылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Қарақай, Мақталы, Қызылқұм ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Н.Аштархан, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Н.Манкараев, аталмыш ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында ұлтаралық татулық пен келісім, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік бағдарламалар кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ алаяқтық қылмыстар, мал ұрлығы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар, пробация бақылауында тұрған азаматтарға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, күн тәртібінде тұрған мәселелер кеңінен талқыланып, пікірлері тыңдалып, ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінен толыққанды жауап алды.