Жамбыл облысының Полиция департаментінде қазақстандық актер Дулыға Ақмолда қонақта болды

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында Жамбыл облысының  Полиция департаментінде   телеарнада  бірнеше бағдарламалардың жүргізушісі,  кино және  театрдың,  көркем және анимациялық фильмдерді  дубляждау мен  дыбыстаудың  танымал қазақстандық актері,  жан-жақты дамыған  шығармашылық тұлға – Дулыға Ақмолда қонақта болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы және Қазақстан кинематография Одағы сыйлығының лауреаты, Сарысу ауданының  тумасы  әрі   жерлесімізді Полиция департаментінің бастығы  полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов қабылдады.

Полиция генералы  мен актердің достық кездесуі  Полиция департаментінің мұражайында өтті. Құрметті қонаққа тәртіп сақшыларының күнделікті  өмірі және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Жамбыл облысының батыр — полицейлері туралы баяндаумен шолу экскурсиясы өткізілді.

Белгілі актердің   полиция капитаны Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігіне деген  қызығушылығы  ерекше болды.

Кездесу  соңында Дулыға Ақмолда өзінің шығармашылық жоспарларымен бөлісіп, ықыласы мен алғысын білдіре отырып,  құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын  қалдырды.

ЖО ПД баспасөз қызметі