Жаңбырдан жапа шеккен жетісайлықтарға жәрдем беру мақсатында арнайы жедел желі қосылды

Табиғаттың тосын мінез танытып, жаңбырдың толассыз жауына байланысты Жетісай АПБ-нің қызметкерлері су басқан ауылдармен басу қауіпі басым аймақтарда тәулік бойы тұрғындарға көмектесіп, арнайы кезекшілік ұйымдастыруда. Атап айтсақ, Ынтымақ, Жылысу, Мақталы, Қазыбек би ауылдық округтерінде судан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға ауа райы болжамына құлақ асып, сақтық шаралары сақтап, ұзақ жолға шықпауды ескертеді. Сондай-ақ тұрғындарға көшелерді су басуына байланысты «Жедел Желі» іске қосылғанын хабарлайды. Байланыс тел: 8702-772-31-62 нөміріне ватсап желісі арқылы толық мекен-жайыңызды (қала, кент, ауылдық округ елді-мекенінің атауы, көше, үйдің нөмірі) жазып жіберсеңіздер болады.Осы орайда полицейлер, қандай да бір қиын жағдайға тап болған тұрғындарға барынша сабырлық сақтауды, байбаламдыққа салынбауды ескертеді. Ал тәртіп сақшылары қазіргі кезде ауылдардағы қауіпсіздікті күні-түні күзетіп жүр. Яғни күні –түні қызметте. Қашанда халықтың қасынан табылатын полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындар да дән риза.

ТО ПД баспасөз қызметі