Заңбұзушылықтың алдын алу

Қаламызда жүргізушілердің жол ережелерін бұзу жайттары күннен күнге көбейіп барады. Осындай құқық бұзушылықтың алдын алуда полиция қызметкерлері көп жұмыс атқарып жатыр. Сондай ақ бейне камералардың көмегі көп үлес қосуда.

2022 жылғы 14 мен 20-қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7892 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3243-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 8 қылмыс ашылған.

Оның ішінде: ұрлық — 4, бұзақылық – 1, басқа да — 3.

Бейнебақылаулар заңбұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1014 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 249, жол ережесін бұзған – 639, одан басқа да 126 жайт анықталды.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Кезекті іс-шараның қорытындысы бойынша ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жиырма бір тәулік ішінде жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған 842 жүргізуші жауапқа тартылды.

Нәтижесінде, автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Осындай рейдтік шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалыс ережелерін сақтауға, адам өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.