Шартты орман-дала өрті сөндірілді

Қала аумағында жалпы аумағы 12 980 га құрайтын егістік алқабы  бар 60 шаруа қожалығы орналасқан. Шымкент қаласында жалпы көлемі 6 мың. 286 га құрайтын (оның ішінде орман жабылған аймақ 5 мың 053 га, жабылмаған аймақ 1 мың 233 га) «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысына қарасты  «Бадам» орман шаруашылықтары бар.

Шымкент қаласының аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу мақсатында барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып өткізілді.

Жаттығудың мақсаты: орман-дала өрттерін сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтау, өртке қарсы қызметінің және орман шаруашылығы күш-құралдарының бірлесе әрекет ету жоспарына сәйкес хабарлау,  өрт сөндіру дағдыларын жетілдіру, жергілікті атқарушы органдары мен басқа да қалалық коммуналдық, полиция, жедел жәрдем, электрмен қамтамасыз ету қызметтерін жұмылдыру, бірлескен іс әрекеттерінің тиімділігін көтеру.

Оқу-жаттығудың тактикалық ойы бойынша шартты өртті сөндіруге Шымкент қаласы және Түркістан облысының Өрт сөндіру қызметтерінің өрт сөндірутехникасы мен жеке құрамы, қалалық коммуналдық қызметтерінің су таситын көліктері, жедел жәрдем бригадасы және жол патрульдік полиция топтары жұмылдырылып, 100 адам, 30 техника тартылды.

Болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында жалпы 40-нан астам ерікті өрт сөндіру топтары құрылып, 69 бейімделген қосалқы техникалары мен 14 өрт сөндіру мотопомпалармен   жабдықталған. ТЖ департаментінде 24 бірлік техника (негізгі 11, арнайы 7 және қосалқы 6) және 100 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілді. Қала аумағында 2021-2022 жылдар аралығында дала-орман өрттер тіркелмеген.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы