Өнеркәсіптік аймақтардың экономикаға қосатын үлесі жоғары

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов баспасөз конференциясын өткізді.

«Шымкентте жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Онда 358 млрд. теңге сомасына 337 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңда 216 млрд. теңгені құрайтын 273 жоба 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны нақты жұмыс істеуде» — деді Е.Полатұлы.

Бүгінде «Жұлдыз» индустриалды аймағында инвестициялық құны 167 млрд. теңге құрайтын, 4762 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 51 жоба іске асырылуда. Жалпы алаңы 306 гектарды құрайды.

Аталған аймақта жалпы құны 51,2 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба құрылыс жұмыстарын бастады. Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 1,5 млрд. теңге құрайтын, 125 жаңа жұмыс орындарымен 2 жобаны іске қосу көзделуде.

Аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы 65 пайызға аяқталды.

Ал, «Бозарық» индустриалды аймағының жалпы аумағы 132 гектарды құрайды. Аймақта 49,6 млрд. теңгеге 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен 25 жобалар пулы әзірленді. Қазіргі таңда, 6 жобаға жер телімін рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде.

Индустриялық аймақтың негізгі мақсаты – тамақ өнеркәсібіндегі терең өңдейтін импорт алмастыратын жобаларды қолдау. Аймақтың инженерлік-инфрақұрылымдық желілерінің құрылысы 30 пайызға аяқталды.

Мегаполистің экономикасын көтеретін тағы бір маңызды аймақ – сауда-логистикалық орталығы. Бұл аймақ 136 гектарға кеңейтілді.

Бүгінгі таңда аймақтың инженерлік-инфрақұрылдық желілерін жүргізу бойынша техникалық экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған аймақта жалпы құны 24,9 млрд. теңгені құрайтын 23 жобаның пулы жасақталды.

Сонымен қатар «Standard» жеке индустриялық аймағының жалпы аумағы 118 гектарды құрайды. Бүгінгі таңда аталған аймақтың 1-кезеңінің (12 га, 27 132 ш.м.) құрылыс жұмыстары 20 пайызы аяқталды. Онда шағын және орта бизнес өкілдері үшін жалға берілетін 25 өндірістік саябақ орналастырылатын болады.

Сондай-ақ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 175 гектарға дейін кеңейтілетін болады. Аталған аймақта 40 жобаны іске асыру көзделуде.