Арыс қалалық Қоғамдық кеңестің Бюджет және ауыл аймақтардың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, жиын өтті.
Бюджет және ауыл аймақтардың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М.Асановтың төрағалығымен өткен жиынға, комиссия мүшелері Ж.Мухаев, С.Мұсабек, Байырқұм ауылдық округінің әкімі Ж.Мейірбеков пен Жиделі ауылдық округінің әкімі М.Өмірзақов және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: Атап айтсақ, Бекітілген кірістердің орындалуы, ауыл аймақты дамыту туралы, Байырқұм ауылдық округінің әкімі Жолбарыс Мейірбеков пен Жиделі ауылдық округінің әкімі Мәди Өмірзақов баяндама жасады.
Жиын барысында комиссия мүшелері тарапынан ауыл әкімдеріне ауыл аймақты дамыту бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Жиынды қорытындылай келе, Бюджет және ауыл аймақтардың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М.Асанов жиынға қатысушыларға алғысын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.