Әл- Фараби АПБ-ның 102 арнасына сауда орталығында орналасқан дүкендердің бірінің сатушысы арызданды. Жас қыздың айтуынша, оның жұмыс орнында қуаттағышта тұрған «iPhone» маркалы ұялы телефоны ұрланған.
Тергеушілер арызды ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары бейнекамера жазбаларын тексеріп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын ұрлық, тонау және есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған қала тұрғыны болып шықты.
Ер адамды жедел уәкілдер күндіз қала аумағында ұстады. Ол жарты миллион теңге тұратын гаджетті 30 мыңға сатып, ақшасын ішімдікке жұмсағаны белгілі болды.
Қазіргі таңда, анықтаушылар аталған жайт бойынша тергеу амалдарын жүргізуде, содан соң іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданады.
Тәртіп сақшылары қарапайым қауіпсіздік шараларын естен шығармау, қымбат смартфондарды ұрлықтан сақтауға көмектесетінін айтады. Ұялы телефонды қолжетімді жерде қараусыз қалдырмауды ескертеді. Гаджет сатып алғанда, құжаттарды сақтап қойыңыз. Телефон ұрланған болса дереу полицияға хабарласыңыздар.