Жол-көлік травматизмінің мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты, Полиция департаментінде бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменовтің төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша кеңес өткізілді.
Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғасы санының 19 пайызға өсуі тіркелді. Есепті кезеңде 137 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 44,4% — ға артық.
Облыс аумағында «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Автобус», «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» және «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» сияқты 20-дан астам алдын алу іс-шаралары өткізілді. Жедел- алдын алу іс-шарасы барысында мас күйінде 497 жүргізуші ұсталды, 241 жүргізуші көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Жол ережесін бұзушыларға 1 млрд.188 млн. 207 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Талдау көрсеткендей, ЖКО-ның басым бөлігі жылдамдық режимін сақтамаудан және рөлде ұйықтап қалған жүргізушілердің кінәсінен орын алады.
Тағы бір мәселе -жол қозғалысына қатысушылардың тәртібінің төмендігі, сондай-ақ жол желісі қауіпсіздігі деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр.
Осыған байланысты Полиция департаменті «Қазавтожолмен» бірлесіп, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының авариялық – қауіпті учаскелерінде Шу жолақтарын қосымша түсіру бойынша жұмысты жалғастырып, жол белгілерін, ақпараттық таблоларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер облыстың автомобиль жолдарына 1234 тексеру жүргізді.
Жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 166 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ПД бастығы полиция генерал-майоры Ж.Сүлейменов жауапты қызмет басшыларына жол апаттарын қысқарту, жолдардағы жарақаттану мен өлім-жітімді азайту шаралары бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі